in

Антарктидада мұздықтар еріп, жасыл желек ерекше қарқынмен өсіп келеді

Антарктидадағы теңіз мұзының ауданы спутниктік бақылаулар кезінде рекордтық төмен көрсеткішке түскені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz qadamasia-ға сілтеме жасап.

Альфред Вегенер институты мен Бремен университетінің ғалымдары соңғы алты жылда антарктидалық мұз қабаты тез ыдырай бастағанын айтты. Антарктиданың тез еруі 2022 жылдың желтоқсанында басталған.

Мұнымен қоса, ғалымдар Антарктидада шөптің қарқынмен өсуіне алаңдап отыр.

1986 жылы өсімдіктер жамылғысы бір шаршы шақырымнан аз болса, 2021 жылға қарай Антарктидада жасыл жамылғы шамамен 12 шаршы метр болды. Демек, шөп алаңы 10 есе өскен.

Ғалымдар континентте 2016 жылдан бастап мүктер белсенді түрде өсе бастағанын айтады. Бұл климаттың күрт өзгерісін көрсетеді. Көгалдану 30%-дан астам өскен. Ғалымдар жақын арада өсімдіктердің басқа түрлері пайда болуы мүмкін екенін болжап отыр.