in

Харрис пен Трамп арасындағы дебат қашан өтетіні белгілі болды

АҚШ-тың вице-президенті, Демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Камала Харрис пен экс-президент, Республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп қыркүйектің 10-да бетпе-бет дебат өткізуге келісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

90 минуттық телевизиялық пікірсайыс Филадельфияда өтпек. Бетпе-бет кездесудің өту форматы мен ережелері әлі толық келісілген жоқ. Мичигандағы сайлауалды шара кезінде Харрис дебатты тағатсыздана күтетінін айтты.

– Қыркүйектің 10-да дебат өткізу туралы келісімге келгенімізге қуаныштымын. Асыға күтемін. Трамп та келеді деп үміттенемін, – деді президенттікке демократиялық партия атынан кандидат Камала Харрис. 

Ал Трамп болса, қарсыласымен екі дебат өткізгісі келетінін жеткізді. Алайда вице-президенттің кампаниясы бұған келісім берген жоқ.

– Дебат өткізу өте маңызды. Оның уақыты белгіленді. Кейбір ұсақ-түйек мәселелер қалды. Алайда олар оңай шешіледі деп ойлаймын, – деді президенттікке республикалық партия атынан кандидат Дональд Трамп. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.