Түркияның Мұғла қаласына қарасты Көйджегиз ауданында 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Төтенше жағдайлар және апат салдарын жою басқармасының (AFAD) ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, жер дүмпуі сағат 06:40-та тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Көйджегиз ауданы болған, ал тереңдігі 12,04 шақырым екені анықталды.