Күні кеше Түркияның Кахраманмараш қаласындағы орта мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы сыныптастары мен мұғалімдерге оқ атты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан 9 адам қаза тапты. Олардың сегізі оқушы, біреуі мұғалім. Тағы 13 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, олардың алтауының жағдайы ауыр. Атыс екі сынып бөлмесінде болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жасөспірім мектепке әкесіне тиесілі қаруды алып келген. Оның әкесі бұрынғы полиция қызметкері болған, қазіргі таңда ол ұсталды. Атыс жойылды. Әлеуметтік желілерде күдіктің суреттері мен оғаш әрекеттері бейнеленген видеолар таралуда.
Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркияның Ішкі істер министрі бұл оқиғаның теракт ретінде қарастырылмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар билік Кахраманмараш қаласындағы мектептердегі сабақты екі күнге тоқтатты.
Айта кеткен жөн, бұл – соңғы екі күнде Түркияда тіркелген екінші осындай жағдай. Бұған дейін басқа қалада бұрынғы оқушы лицейде атыс шығарып, 16 адамды жаралаған.