in

Пәкістандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 330-ға жетті

Пәкістандағы толассыз жауған жаңбыр салдарынан кей өңірлерде апатты жағдай болды. Хайбер-Пахтунхва провинциясында су тасқыны болып,  307 адам қаза тапты, Гилгит-Балтистан аймағында – 12, Азад-Кашмирде – 11 адам көз жұмды.

Хайбер-Пахтунхва билігі 32 адамның хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеді.

Пәкістан билігінің дерегінше, елдің солтүстігінде толассыз нөсер 21 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.