Әзербайжанның Хырдалан қаласында ер адам келіншегін 8-қабаттағы терезеден лақтырып жіберген. Келіншек сол жерде қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Daily.afisha.ru-ға сілтеме жасап.
Марқұмның есімі – Айшан Кязымова, жасы – 22-де. Оқиға 23 маусымда болған.
Келіншек өлер алдында куәгерлерге “күйеуім “көзіме шөп салдың” деп терезеден лақтырып жіберді. Үйленгенімізге бір-ақ жыл, оған адал болдым” деп айтқан. Сол сәтте үйден шыққан күйеуі Гусейн Кязымов жерде жатқан келіншегіне келіп, “әлі өлмегенсің бе?” деп аяғымен теуіп, кетіп қалған.
Куәгерлер күйеуінің әрекетін көріп, жағаларын ұстады. Олар зардап шеккен келіншекке көмектеспек болып, жедел жәрдем шақыртып, шынтақтан жоғары көтерілген қолды байлап берген.
Ауруханаға жеткізілген келіншектің жағдайы ауыр деп бағаланды. Бірнеше сағаттан кейін ол көз жұмды.
Осы оқиғаға байланысты Гусейн Кязымов ұсталып, қамауға алынған болатын. Бүгін Гусейн Кязымовтың үкімге қарсы берген шағымы бойынша сот отырысы аяқталды. Судья Рашадат Ағаевтың төрағалығымен өткен процесс барысында апелляциялық шағым қанағаттандырылмағаны жария етілді.
Еске сала кетейік, Сумғайыттың ауыр қылмыстар жөніндегі сотының үкімімен Гусейн Кязымов 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.