in

Бортта 242 адам болған: Үндістандағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалған жоқ

Үндістандағы Ахмадабад қаласының полиция басшысы Г.Маликтің хабарлауынша, апат орнынан 204 адамның мәйіті табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта тірі қалғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Indian Express газеті полицияға сілтеме жасап, борттағы 242 адамның бәрі қаза тапқанын жазды.

Маликтің айтуынша, табылған мәйіттер арасында ұшақ жолаушыларымен қатар, жердегі адамдар да болуы мүмкін.

«Ұшақ құлаған ғимарат – бұл дәрігерлер тұратын жатақхана… Қазіргі уақытта аумақтың 70-80 пайызы тазартылды, қалған бөлігін де жақын арада толық тазартамыз», – деп мәлімдеген полицияның жоғары лауазымды өкілі.

Reuters мәліметінше, жолаушылардың арасында 217 ересек, 11 бала және екі сәби болған. Air India әуе компаниясының хабарлауынша, олардың 169-ы – Үндістан азаматы, 53-і – Ұлыбритания азаматы, жетеуі – Португалиядан, ал біреуі – Канада азаматы.

Бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 133 адам қаза тапқанын хабарлаған едік.