Әлем кубогінде Өзбекстан мемлекетінің намысын қорғайтын әйелдер құрамасы Астанаға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, олардың сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азиза Якубова, Жасмин Такирова, Азиза Закирова сияқты бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегер боксшылары бар.
Естеріңізге салсақ, бокстан әлем кубогі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.