in

«Ұят емес пе, ағайын?..»: атақты спортшы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр (видео)

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айсара Керімбекованың бүгінгі жағдайын көрсетіп, видео жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бейнежазбада даңқты спортшы 20 жылдан бері аула сыпырып жүргенін айтады.

«Бұл — масқара! Бұл — ұлттық намысқа сын! Министрлер мінберден түспей жатыр, ардагер спортшы ауладан шықпай жүр. Қайдасың, Спорт және туризм министрі? Тірі аңызға тірісінде құрмет көрсету — парыз емес пе? Батырды бағаламаған елден қандай ұрпақ шығады? Ұят емес пе, ағайын?.. Айсара Керімбекова – кезінде дүние жүзіне танымал болған, қазір тасада қалып қойған спортшы. Дзюдо мен самбодан әлемдік деңгейге көтерілген тұңғыш қазақ қызы», – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Айсара Керімбекова самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1992), дзюдодан спорт шебері (1990), самбодан дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Калининград, 1988), А.Харлампиев атындағы халықаралық турнирдің екі мәрте жеңімпазы (Мәскеу, 1988, 1989), КСРО Кубогінің күміс жүлдегері (Александровск, 1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (Минск, 1991), Азия чемпионы (Владивосток, 1992), дүние жүзі чемпионатының күміс жүлдегері (Минск, 1992), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Алматы, 1994, Бішкек, 1995), дзюдодан ТМД елдері чемпионатының күміс жүлдегері (Брянск, 1995). 1992 жылы еліміздің таңдаулы он спортшысы қатарына енді. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жылқышыбай (@nurseiitzhylkyshybai)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.