Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қыздарға ренішін білдіріп, кездескен қыздардың көбісі ақша сұрайтынын айтты. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жариялады.
«Әлішер екеуміз жаттығудан келе жатырмыз. «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп бір-бірімізге сұрап қоямыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қайдасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», – деді Қуат Хамитов.
Бұған дейін спорт шебері өзінің әлеуметтік желісінде белгісіз бойжеткенмен түскен суретін салып, оқырмандарын ойландырып тастаған. Себебі ол «қара Наймандар көбейетін сияқты» деген жазба қалдырған.
Оның бұл суретін оқырмандарының біразы қалжыңға баласа, тағы біразы Хамитов осы бойжеткенге үйленеді деп топшылаған.