in

Қазақстаннан үш боксшы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстанның үш боксшысы АҚШ-тағы U19 әлем біріншілігінің ширек финалына өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, алғашқы жекпе-жекте Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта), Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта) және Асылхан Көшербай жеңіске жетті. 

Серікұлы Ислам Дахлалдан (Алжир) басым түссе, Аманғалиев чехиялық Ондрей Томашты жеңді, ал Көшербай Симона Стожка (Чехия) жеңді. 

Еске салсақ, әлем чемпионатында ел намысын төрт спортшы қорғады. Даниял Райымбеков жарысты кейінірек бастайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.