София қаласында (Болгария) теннистен ITF Juniors J30 сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста 16 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Иван швейцариялық әріптесі Чарли Базилмен бірге тартысты финалда украиналық-болгариялық жұп Родион Четвериков пен Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.
Бұл жеңіс Иван үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқысы болды. Бұған дейін ол жұптық сында Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің финалдарына дейін жеткен еді.