Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында ерлер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бес гимнасты финалға жолдама алды.
Милад Карими еркін мен кермедегі жаттығуларда жүлде үшін күреседі.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығулардың финалына шықты.
Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бойынша финалға қатысады, ал Ілияс Әзізов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.