in

Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында қос алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістаннан басым түсті. Қорытынды есеп – 155-153.

Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.