Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның сапары аясында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Мәдениет, спорт және туризм министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған құжат екі ел арасындағы спорт саласындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, ұлттық спорт федерациялары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, спортшылар мен жаттықтырушылардың өзара сапарларын қолдауға бағытталған.
Атап айтқанда:
Құжат бес жыл мерзімге арналған және тараптардың жазбаша келісімі негізінде өзгертілуі немесе ұзартылуы мүмкін.