in

Қазақстан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазіргі таңда Швейцарияның Люцерн қаласында академиялық ескек есуден Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандықтар Екатерина Носкова және Мария Чернец жеңіл салмақта әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Отандастарымыз 07:21.91 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Жапония құрамасы алтыннан алқа тақты – 07:14.74. Екінші орынды Перу құрамасы иеленді – 07:18.51.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 28 маусымда аяқталады.