in

Шахматтан облыс жеңімпаздары анықталды

Облыстық біріншілікте жас шахматшылар 7, 9, 11, 13, 15 және 17 жасқа дейінгі алты жас сана­ты бойынша бақ сынады. Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылып, швейцариялық жүйе бойынша тоғыз тур өткізілді.

Чемпионат қорытындысында әр жас санаты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жарыс ережесіне сәйкес, алғашқы үш орынға ие болған шахматшылар 2027 жылы өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу құқы­ғына ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Чемпионатты Ұлытау облысының шахмат федерациясы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісім бойынша ұйым­дастырды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ