Алматыға “Пафос” футбол клубының ойыншылары келіп жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Олар 2025 жылдың 21 қазанында Алматының орталық стадионында “Қайрат” командасымен кездеседі.
Бұл туралы бүгін, 20 қазанда Кипр клубының Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
“Ұзақ сапар, көңілді көңіл-күй және құшақ жая қарсы алған Алматы!”, делінген видео сипаттамасында.