in

Таэквондодан Қазақстан ерлер командасы Кореядағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында өтіп жатқан таэквондодан WT командалық әлем кубогының жүлдегерлері анықталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер арасында Қазақстан командасы ақтық сынға шығып, шешуші жекпе-жекте Қытаймен күш сынасты. Кездесу 0-2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Ұлттық команда сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкаримов, Батырхан Кусетов бақ сынады.
Жарыс барысында Қазақстан ширек финалда, Марокконы (2-0), кейін Ресейден (2-1) басым түсті.
Айта кетейік, командалық әлем кубогына 10 мемлекеттен 80 даянг шебері жиналды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.