in

Сыр боксының серпіні

Жалпы, соңғы жыл­дары Сыр өңірінің спорт саласында серпін бай­қа­ла­ды. Әсіресе, аймақта спорт­тық нысандар қатарының ар­туы саланың өркендеуіне оң нә­тиже беріп тұр. Мәселен, был­тыр Samruk-Kazyna Trust әлеу­меттік жобаларды қолдау қо­рымен бірлесіп, өңірден за­ма­науи үлгідегі теннис ор­та­лы­ғы­ның ашылуы көпшілікті қуа­нышқа бөлеген болатын. Бұ­ған қоса, Қазақстанның фут­бол федерациясымен бірге Қы­зылорда қаласында Ғ.Мұ­рат­баев атындағы стадион күр­делі жөндеуден өткізілді. Осын­дай жоспарлы жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр.  

«Мемлекет басшысы 2025 жы­лы Бурабайда өткен Ұлттық құ­рылтай отырысында ха­лық­тың спорттық инфра­құры­лым­дар­ға қолжетімділігін арт­ты­ру­ға басымдық беру мақсатында об­лыс орталықтары мен ау­дан­дар­да заманауи стадиондар мен спорт кешендерін салу мә­селесіне ерекше тоқталғаны бел­гілі. Осыған байланысты бір­қатар тапсырма жүктеді. Со­ған орай бүгінде Қызылорда қа­ласында құны 26,5 млрд тең­гені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадион бой көтерді. Ста­дион олимпиадалық спорт түр­леріне арналған 7 залмен қам­тылған. Нақты айтатын бол­сақ, бокс залы, күрестің үш тү­ріне арналған дзюдо, грек-рим, еркін күрес залы, фитнес за­лы, спорттық гимнастика, таэк­вондо және ауыр атлетика зал­дары қамтылған. Стадион жыл бойы үздіксіз жұмыс і­с­тей­тін болады. Нысан жақын күн­дері толық пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Сол сияқ­ты биыл облыс орта­лы­ғын­да құны 20,5 млрд теңгені құ­­раған көпбейінді «Қы­зы­лор­да Арена» спорт кешенінің құ­рылысы басталды. Кешен то­лықтай халықаралық та­лап­тар­ға сай салынып,  болашақта мұн­да әлемдік деңгейдегі дода­лар өткізуге мүмкіндік болады. Ны­санды 2026 жылдың соңы­на дейін ел игілігіне пай­да­лану­ға беру жоспарда бар», – де­ді орталық ком­муникациялар қызметінің ақ­парат алаңында өткен бри­фингте Қызылорда облыстық Де­нешынықтыру, спорт және ту­ризм бас­қар­ма­сы­ның бас­шысы Бақ­тияр Артаев. 

Сонымен қатар аймақта мүмкіндігі шектеулі жан­дардың спортпен шұғыл­да­нып, салауатты өмір салтын қа­лыптастыруына жағдай жа­сау да назардан тыс емес.  Бұл тұр­ғыда басқарма басшысы­ның мәлімдеуінше, өңірде «Қа­­­­­зақстан халқына» қорының қол­дауымен құны 3 млрд тең­гені құрайтын аумағы 3 мың шар­шы метрге тең мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған спорт клубының құрылысы аяқ­талған. Бұл нысан жақын ара­да ашылмақ. Соның негі­зін­де, аймақтағы 256 мүм­кін­ді­гі шектеулі спортшының ке­­­­лесі Паралимпиада ойын­да­ры­на дайындалуға мүмкіндік ар­тады деп жоспарланып отыр. Жалпы, өңірдегі салаға бө­­­лінген бюд­жет­тің 80 пайызы олим­пиа­да­лық спорт түріне бағытталып отырғаны мәлім бол­ды.

Негізінен, Қызылорда об­лы­­сында саланы дамыту бағы­тын­да атқарылып жатқан ау­қым­­ды жұмыстар нәтижесімен бұ­қаралық спортпен шұ­ғылда­ну­­­­шылар саны жылдан-жылға ерек­­ше қарқынмен арта түс­кені бай­қалады. Нақты айт­қан­да, тұр­ғылықты халықтың 40,4 пайы­зы спортпен тұрақты түрде ай­налысатыны айтылып жүр. Оның ішінде, былғары қол­ғап­шы­лардың да үлесі жо­ғары екені аян.

Жалпы, Сыр боксы жайын­да сөз қозғалса, алдымен әлем­дік додалар мен олимпиада ойын­дарында топ жарған мақ­та­ныштарымыздың есімі еске ора­лады. Бұл тұрғыда 10 жыл­дан бері әлемдік деңгейде та­нылған саңлақтарды тәрбие­ле­ген «Тарлан» бокс ор­та­­лы­­ғының үлесі аз болмады.  

Қызылорда қаласындағы атал­мыш бокс клубы алғаш рет 2015 жылы Қазақстан бокс фе­дерациясының қолдауымен рес­ми түрде ашылған болатын.  Алай­да кейіннен ғимарат же­ке­меншікке өтіп, өңірдегі бокс­­ты жүйелі дамытуда бір­қа­тар қажеттіліктер туындаған. Со­ған орай биыл аталмыш «Тар­лан» кешенін қайта бас­қар­ма теңгеріміне алу баста­ма­сы көтеріліп, халық сенімін арт­тырған еді. Соның нәти­же­сін­де, жуырда облыс әкімінің қол­­дауымен алғаш рет «Қы­зыл­орда бокс клубы» құрылып, об­лыстық Денешынықтыру, спорт және туризм басқар­ма­сы­ның теңгеріміне берілгені мә­лім болды.  

Басқарманың мәлім­деуін­­­­­ше, қазір нысанда де­меушілердің көмегімен за­ман талабына сай жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілуде. Жоспар бойынша клубқа 4 жас ерек­ше­лігі бойынша, яғни кіші жа­сөспірім, жасөспірім, жас­тар және ересек былғары қол­ғап шеберлерін қабылдау қа­рас­тырылған.

«Клубтың инфрақұрылымы кең әрі заманауи талаптарға сәй­кес жабдықталмақ. Мұнда ер­лер мен әйелдерге арналған ар­найы бокс ринг залдары, фит­нес залы, спортшыларға ар­­­налған 30 адамдық қонақүй жә­не асхана қарастырылған. Атал­ған орталық облыстағы жас спортшыларға кәсіби дең­гей­де дайындалуға, халық­ара­лық деңгейдегі жарыстарға қа­тысуға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар Қызылорда бок­сының дәстүрін жаңа дең­гей­ге көтеріп, келешекте ел на­­мысын абыроймен қор­ғай­тын чемпиондар тәрбиелеуді мақ­­сат етеді», –  деп мәлімдеді бас­­қарманың баспасөз қыз­-ме­ті. 

Бүгінде аталмыш спорт ке­шенінде тәжірибелі бап­керлер құрамымен қамтыл­ған бокс, дзюдо, таэквондо жә­не ауыр атлетика бөлім­ше­ле­рі жұмыс істейді. Соның ішін­де бокс бөлімшесінде  120-ға  жуық былғары қолғап шебе­рі тыңғылықты дайындық жүр­гізіп жатқанын алға тар­та­ды. Негізінен, орталықтағы 16 жат­тықтырушы ересектер, жас­тар және жасөспірімдерден құ­ралған ұл-қыздардың шың­далуына сеп болып жүр. 

Осы орайда басқарма та­ра­пынан Қызылорда бокс клу­бының басшылығына Сыр мақ­танышы Қамшыбек Қоң­қа­баевқа ұсыныс жасау жос­пар­ланып отырғанын жеткізді. Со­нымен қатар белгілі был­ғары қолғапшылар Құлахмет Тұр­сынбай мен Руслан Сы­баев­­­ты да шақыртуға ниетті. 

Жалпы, Сыр боксына сер­пін беретін тың бастама ха­лық­тың зор қолдауына ие. Осы ар­қылы келешекте қы­зыл­ор­даның қарадомалақтары ара­сынан шаршы алаңда шаң қап­тыратын талай сайып­қы­ран­дардың шыңдалып шы­ға­тынына сеніммен қарайды. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы