World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын Польша және Италия елінің боксшылары елордаға келіп жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Польша құрамасында Еуропа ойындарының қола жүлдегері Анета Рыгельска, осы жылғы әлем кубогының жеңімпазы Виктория Рогалинска, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Оливия Тоборек сияқты танымал спортшылар бар.
ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, бас қалада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 30 маусым мен 6 шілде аралығында әуесқой бокстан әлем кубогы өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.