in

Ливерпульдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшы қыздарымыз елге оралды

15-нен 16 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайында ерекше атмосфера орнады. Бұл уақытта Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатынан оралған Қазақстанның әйелдер құрамасын күтіп алу шарасы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында медальдар саны бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар елдің абсолюттік жеңісіне зор үлес қосты — 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль. Құрама түнгі уақытта ұшып келсе де, оларды қарсы алуға тек туыстары мен жақындары ғана емес, көптеген жанкүйер де келген. Салтанатты атмосфераны әскери оркестр мен домбырашылар жандандыра түсті.