Астанада «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының үлкен экрандағы ашық көрсетілімі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
30 қыркүйек күні қазақстандық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінде атақты испаниялық «Реал Мадрид» командасымен кездеседі.
Еліміз үшін маңызды ойынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен бірге Корпорация елордалық жанкүйерлер үшін «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында ашық көрсетілім ұйымдастырады.
Іс-iараға түрлі саланың өкілдері, қоғам белсенділері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысады. Сіздерді «Қайрат» клубының тарихи кездесуін үлкен экраннан нағыз футбол атмосферасында тамашалауға, қазақстандық командаға бірге қолдау көрсетуге болады.
Басталуы: 30 қыркүйек 21:00-де. Кіру тегін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.