Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовскамен кездесті.
Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 9:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.