Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Маспаломас қаласында өткен ITF World Tennis Tour W100 сериясындағы беделді турнирдің жұптық сынында чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Sportarena.kz мәліметінше, финалда Құламбаева чехиялық Анна Шишковамен жұптасып, швециялық Доминика Салкова мен чехиялық Лиза Заардан құралған дуэтті екі сетте жеңді.
1 сағат 34 минутқа созылған шешуші кездесуде турнирдің екінші нөмірлі жұбы алғашқы сетті 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ал екінші сетте тартысты тай-брейкте басым түсіп, матчты 7:6 (7:3) есебімен түйіндеді.
Осылайша, Жібек Құламбаева мен Анна Шишкова W100 Gran Canaria–Maspalomas турнирінің жеңімпазы атанды. Топырақ төсенішінде өткен жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын (шамамен 47 млн теңге) құрады.