Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
ҚР ҰОК мәліметінше, күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.