in

Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысатын дзюдошылардың тізімі белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы 2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған байрақты бәсекеде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошылардың тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер

60 келіге дейін: Елдос Сметов

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев

73 келіге дейін: Бақытжан Абдурахманов

81 келіге дейін: Алмат Әділет

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Марат Байкамуров

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова

52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова

57 келіге дейін: Дана Әбдірова

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

70 келіге дейін: Ажар Асхат

78 келіге дейін: Екатерина Токарева

78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, Азия ойындарында дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.