in

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жүлдені ел қоржынына Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке енді.

Қазақстандық спортшы спринтте үшінші орын алды. Хамитов 2:29.9 уақытта мәреге жетті. 

Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды – 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды.