in

Екіжақты серіктестік нығая түспек

Кездесу барысында Әлімжан Ақаев АҚШ құрамасының 2025 жылғы 29 маусым мен 6 шілде ара­лығында бокстан Астанада өткен World Boxing Әлем кубогы кезеңіне қатысуына қолдау білдіргені үшін америкалық тарапқа алғыс айтты. Ол АҚШ командасы­ның нәтижелерін ерекше атап өтті: Йозелин Перес (54 келіге дейін) күміс медальға ие бол­са, Моррель Маккейн (65 келіге дейін) мен Робби Гонзалес (80 келіге дейін) қола жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар тараптар бір­лескен жобалардың жүзеге асу бары­сын талқылады. 2024 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан ҰОК жанындағы Спортшылар комиссиясының бастамасымен және АҚШ Елшілігінің қолдауымен қазақстандық спортшыларға арналған ағылшын тілін үйрету жо­басы іске қосылған. Бұл бағ­дар­­лама спорт­шылардың тілдік қабілетін дамытып, оларды халық­аралық спорттық ортаға бейімдеуге септігін тигізуде.

Кездесу соңында қос тарап Олимпиадалық қозғалыс аясында спорт саласындағы екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.