Спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Диас Тойшыбек алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, ол ат снарядындағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті. Тойшыбек ақтық сында төрешілердің шешімімен 14,033 ұпай жинады.
Сонымен қатар Зейнолла Ыдырысов 13,866 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал үшінші орын албаниялық Матвей Петровқа бұйырды — 13,200 ұпай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.