Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс UFC 319 турнирінде өткен The Ultimate Fighter 33 шоуының финалындағы жеңілістен кейін жанкүйерлеріне үн қатты.
«Ассаламалейкум, қымбатты қазақстандықтар, жанкүйерлер! Бүгін нәтиже біз күткендей болмады. Бірақ жұмысымызды жалғастырып, ары қарай дамимыз. Әрдайым жанымызда болып, қолдау көрсеткен ағайынға рақмет. Бұл – менің жолым, қан мен термен келген еңбек. Қазақстан, алға!» – деді спортшы.
Еске сала кетсек, финалдық жекпе-жекте Әліби Ыдырыс америкалық Джозеф Моралестен жеңілді.