in

Боксшы Ұлжан Сәрсенбек әлем кубогының ақтық кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогының ақтық кезеңінде қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ұлжан жартылай финалда үндістандық Жасминмен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте үнді боксшысы жеңіске жетті.