in

Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы әлем кубогын жеңіспен бастады

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) бокстан әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Екінші жарыс күні Қазақстан атынан шаршы алаңға екі боксшы шықты.

65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде Хассен Аттиямен (Тунис) жұдырықтасып, 5:0 есебімен басым түсті.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бағлан Кенжебек армениялық Жирайр Саргсянға жол берді. Осылайша, жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетейік, үшінші жарыс күні шаршы алаңға Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) шығады.