in

Бокстан Қазақстан құрамасы шешуші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Оған   АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралия секілді елдердің боксшылары қатысады. Бұл туралы Sport12.kz порталы мәлімдеді.

Әлем кубогында ел құрамасы сапында Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) сынға түседі.

Әлем кубогы елордадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing аясында өткен бокстан әлем кубогында Дәулет Төлемісов (85 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанды.

Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Диас Молжігітов (75 келі), Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) қола жүлдеге қол созды.

Үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Әзірге оның қайда өтетіні белгілі болған жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.