in

Белгілі спорт журналисі Ермұхаммед Мәуленді FonTeam жобасынан кетірді

Қазақстандық спорт журналисі Ермұхамед Мәулен YouTube-тағы FonTeam жобасынан кеткенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның дерегінше, журналистің жобадан кетуіне Fon букмекерлік компаниясының Қазақстан футбол федерациясымен (ҚФФ) алдағы серіктестігі себеп болған. Аталған бренд енді федерацияның демеушілерінің бірі атанбақ.

Серіктестік орнағаннан кейін ҚФФ-ның бас хатшысы Давид Лория жобаға Ермұхамед Мәуленнің қатысқанын қаламайтынын жеткізген.

Осыдан кейін журналист мүдделер қақтығысын болдырмау және өзінің тәуелсіз ұстанымын сақтау мақсатында жобадан кету туралы шешім қабылдаған.

FonTeam – қазақстандық және әлемдік футбол тақырыбындағы подкасттарымен танымал жоба. Ермұхамед Мәулен оның негізгі тұлғаларының бірі болған еді.

Арнаның соңғы шығарылымдарының бірінде оқырмандар Ермұхаммед Мәуленнің аталмыш подкастта неге жоқ екенін сұрап, наразылығын білдіріп жатыр.