Анна Данилина WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық Анна Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер Лондондағы WTA 500 жұптық турнирінің жартылай финалында аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуайды ұтты. Есеп: 6:3, 2:6, 11:9.
Queen’s Club турнирінің титулы үшін Данилина мен Шнайдер америкалық Айша Мухаммад — нидерландтық Деми Схурспен сынға түседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.