in

Айым Серікбаева Азия ойындарында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль алды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.