in

Азия ойындары: қазақстандық спортшылар құзға өрмелеуден 1/8 финалға шықты

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық құзға өрмелеуден Санья қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

1/8 финалға шығу үшін үздік 16 спортшының қатарына ену қажет болды.

Дамир Тоқтаров 4.92 секунд уақыт нәтижесімен алтыншы орын алды. Ал Ришат Хайбуллин үздік мүмкіндігінде 5.02 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, 11-орынға ие болды. Екі спортшы да келесі кезеңге жолдама алды.

Әмір Маймұратов 32-орынға тұрақтаса, Рашид Хайбуллин 33-сатыдан көрінді.

Еске сала кетейік, бұған дейін плей-офф кезеңіне Тамара Улжабаева мен Анна Баларшина өткен болатын. Жағажайдағы Азия ойындарында жүлделер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша сарапқа салынады.