in

III ТМД елдері ойындары: Қазақстанның 7 боксшысы жартылай финалға шықты

Әзербайжанның Евлах қаласындағы Олимпиада орталығында бокстан III ТМД елдері ойындарының ширек финал жекпе-жектері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, ұлдар арасында 7 отандасымыз жартылай финалға шығып, кемі жүлдеге ілікті. 

Олар: Қорғанбек Балтин (-48 кг) Едіге Нұрқожа (-52 кг) Жалғас Апбаз (-54 кг) Алдияр Баяндинов (-63 кг) Дарын Төлеген (-70 кг) Бауыржан Әлиакбар (-80 кг) Еркетаң Жарқынбек (+80 кг). 

Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы – Бағдат Оңғарбеков. 

Айта кетейік, ұлдар командасы сапында Әзербайжанға барлық салмақта 13 былғары қолғап шебері келді. Ертең қыздар арасындағы ширек финал өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.