Байрақты бәсеке ұлы Абайдың 180 жылдығына арналды. Оған төрт елдің командалары шақырту алды.
Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 8 команда келді. Жас футболшылар додадан бөлек, қызықты экскурсиялар тамашалады. Осылайша жас ұрпақ ел тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары жайлы көп мағлұмат алады, – дейді ұйымдастырушылар.
«Елімай» ФК директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Ұранхаевтың айтуынша, жарысқа қатысушылар үшін ауқымды мәдени бағдарлама дайындалған.
«Барлық көрнекі жерлер мен Абай музейін көрсетеміз. Финалдан кейін Ертіс өзенінде кемемен саяхатқа шығамыз. Ертең олар «Елімай» мен «Жетісу» командалары арасындағы премьер-лига ойынын тамашалайды. Яғни, өте мазмұнды, пайдалы мәдени бағдарлама күтіп тұр», – деді Асқар Ұранхаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.