Шымкентте өтіп жатқан бокстан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жеңімпаздарға берілген сыйақы қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыста бірінші орынға 150 мың, күміс жүлде иегеріне 100 мың, ал қола жүлдегерге 50 мың теңгенің сертификаты берілгенін көруге болады.
Әлеуметтік желідегі жұрт осы жайтты сынап жатыр.
«Мынау ауылда өтетін жарысқа берілетін сыйақы ғой. Кеңес Рақышев кеткелі жағдай нашарлап кетті-ау», «Басқа елден келіп, 50 мың тг алып кеткені қалай, тым аз ғой», «Қайда жаратарларын білмей жатқан болар», «Бірінші орынға 150 мың, мәссаған», «Мынау енді тіпті ұят, тіпті жолын ақтамайды ғой», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.