Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Жақсылыққа литвалық “Кауно Жальгирис” клубы қызығушылық танытты. Ойыншы Еуропада бағын сынап, Астанадан кетпек болған, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Литвалық клуб осы жазда “Астанадан” Нұрәлі Жақсылықты сатып алғысы келіп, ойыншының трансферлік құнының жартысын (50 000 еуро немесе шамамен 30 миллион теңге) ұсынған, бірақ елордалық клуб бас тартты. Сонымен қатар 20 жастағы ойыншыға Испаниядан да ұсыныс түскен. Алайда Астана оны да қабылдамаған.
Оның “Астана” футбол клубымен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Сондықтан оның елордалық командадан еркін агент ретінде кетуі мүмкін деген болжам да бар. Дегенмен “Астана” Нұрәліні сақтап қалу үшін бар күшін салуда.
Айта кетейік, Нұрәлі Жақсылық Қазақстан Премьер-лигасында 15 матч өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген.