in

19 жастағы қазақстандық шахматшы рапидтен әлем чемпионы атанды

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті. 19 жастағы отандасымыз әлем біріншілігінің 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 секунд қосылады) өткізілді. Балабаева екінші жарыс күнінен кейін 5 ұпаймен көш бастап тұрған. Жарыстың соңғы күнін Ксения 47-ші жүрісте Умида Омоноваға мат қойып, жеңіске жетті. Кейін Анна Журова және Афруза Хамдамовамен тең ойнап, 1-орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Ксения Балабаева – Қазақстанның ересектер арасындағы әйелдер құрамасының мүшесі. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында күміс алған. Ел намысын бұл чемпионатта Лия Құрманғалиева мен Әмина Қайырбекова қорғады. Әмина 6 ұпай жинап 7-орынға ие болса, Лия 5 ұпаймен 12-орында мәреге жетті.

2025 жылғы әлем чемпионаты (рапид, G20)

1. WGM Ксения Балабаева (2287) – 7 ұпай;

2. WIM Афруза Хамдамова (2384, Өзбекстан) – 6½;

3. WFM Варвара Полякова (2065, FIDE) – 6½;

4. WFM Анна Журова (2189, FIDE) – 6½;

5. WIM Умида Омонова (2265, Өзбекстан) – 6;

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.