in

18 жастағы футболшының соңғы минуттағы голы «Челсиге» жеңіс сыйлады

Ағылшын Премьер-лигасының кезекті турында «Челси» өз алаңында «Ливерпульді» 2:1 есебімен жеңді. Матчтың шешуші голын 18 жастағы Эстевао 90+6-минутта соқты.

Челси 2:1 Ливерпуль:
14′ — Кайседо (1:0)
63′ — Гакпо (1:1)
90+6′ — Эстевао (2:1)

Бұл — «Челсидің» АПЛ-дегі соңғы төрт матчтағы алғашқы жеңісі. Ал «Ливерпуль» үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс (екеуі — Премьер-лигада).

Жас шабуылшы Эстеваоның бұл голы командаға маңызды үш ұпай әкелді