in

17 жастағы Дастан Сәтпаев тағы да рекорд жаңартты

“Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кеше Бельгия қақпасына гол соғып, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

17 жастағы футболшы ӘЧ-2026 іріктеу матчы аясында Астанада өткен ойында Бельгия құрамасына өз алаңымызда соққан алғашқы голын тіркеді.

Сәтпаев кездесудің 10-минутында есеп ашып, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы рекордын жаңартты.

Ал Талғат Байсуфиновтың баптаған ойыншылары әлемнің үздік құрамаларының бірі саналатын Бельгиямен өткен тартысты матчты 1:1 есебімен аяқтады.

Сонымен қатар бұл Сәтпаевтың Қазақстан құрамасы сапындағы екінші рекорды. Бұған дейін ол ұлттық команда тарихындағы ересектер құрамына шақырылған ең жас ойыншы ретінде танылған еді.