in

«100 мың доллар»: бокстан әлем чемпиондарына қомақты сыйақы беріледі

Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында жүлделі орын алған боксшылар мен бапкерлерге Қазақстан бокс федерациясы қомақты сыйақы береді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы «Ашық алаң» бағдарламасында Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп айтты.

«Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға 100 мың доллар, ІІ орынға 50 мың доллар, ІІІ орынға 30 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған», –  дейді Шахмұрат Мүтәліп.