in

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден үздік ондыққа енді

АҚШ-тың Денвер қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, жылдамдық санатында Қазақстан атынан сынға түскен Әмір Маймұратов үздік ондықтың қатарына еніп, жалпы есепте алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ Бекнұр Алтынбеков те тоғызыншы нәтиже көрсетіп, үздік ондықтың қатарынан көрінді.

Аталған дисциплинада жеңісті индонезиялық Киромал Катибин жеңіп алды. Екінші орынға америкалық Зак Хаммер тұрақтаса, қола медальді Сэмюэль Ватсон (АҚШ) иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.