Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Серік Теміржанов бокстан елордада өтіп жатқан әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Серік Теміржанов 1/8 финалда аустралиялық Джейкоб Кассармен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен шешуші раундта Теміржанов жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) ширек финалға шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.