in

Әйгілі спортшыға құрмет көрсетті

Мемлекет басшысы Қазақ­стан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

– Өзіңіздің зор қажыр-қай­ра­тыңыз бен аса жоғары кәсі­би­лі­гіңіздің арқасында Қазақстан Рес­публикасының көк Туы Жер ша­рының асу бермес асқар­ла­рын­да желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тә­­­­­жірибелі шыңға өрмелеуші, ха­лықаралық турнирлердің жеңім­пазы ретінде дүниежүзіне даң­қыңыз жайылды. Эверестке шы­ғып, беделді «Жеті шың» клу­бы­на мүше болған алғашқы қа­зақ­стандық атандыңыз. Сізді елі­мізде альпинизм мектебінің не­гізін қалаушы ретінде құр­мет­тей­ді. Отандық мектеп Қазақ­стан­ның жаһандық брендіне ай­налды. Талап пен тәртіпті қа­тар қоятын талантты бапкерден бір шоғыр альпинист-спорт­шы­лар тәлім алды. Олардың қа­та­рын­да әлем рекордын жаңарт­қан, чемпион атанған, ха­лық­аралық альпинизм қозғалысының эли­та­сына кірген мықтылар бар­шы­лық. Бапкерлікпен шұғылданған уа­қыт ішінде жүзден астам спорт ше­берін даярладыңыз. Шәкірт­теріңіздің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тіп­ті еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. Сіздің жетекшілігіңізбен Қа­­зақстан құрамасы әлемде бі­рін­­ші болып биіктігі 8 мың метр­­ден асатын барлық 14 шыңға шық­­ты. Мұның өзі бірегей же­тіс­­тік саналады. Спорт­шы­ла­ры­мыз альпинизмнің сіз қалып-тас­тыр­ған даңқты дәстүрін жа­л­­­­­­ғас­тырып, көптеген халық­ара­лық сайыстан табысты ора­лып жүр, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің асыл қа­сиет­тері мен адамдарға, әсіресе, аль­пи­нис­терге деген шынайы қам­қор­лы­ғын жоғары бағалады.

– «Адам өмірі ең жоғары спорт­тық жетістіктерден құнды» де­ген теңеуіңіз альпинистер ара­сын­да қанатты сөзге айналып кет­ті. «Альпинизм – адам мен та­­­­биғат арасындағы шахмат ойы­ны» деп дәл айтқансыз. К2 (Чо­го­ри) шыңын бетке алған ко­ман­даңыздың алай-түлей боранға тап болғаны мәлім. Сол сәтте шың­ның ұшар басына қол созым жер қалғанына қарамастан, кері қайттыңыз. Мұндай шешім қа­был­дау оңай емес. Осыдан-ақ да­на, мейірбан жан екеніңізді аң­ғарамыз. Жетістік пен жеңіске еш­қашан масаттанған емессіз. Бә­ріне белгілі, үйреншікті ба­ғыт­тармен жүргенде де сақтықты ұмыт­падыңыз. Кез келген жо­рық­қа осылай тыңғылықты дайын­далу даңқты альпинист, спорт­шы, тәлімгер ретінде сіздің «төл­құжатыңызға» айналды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент елімізде аль­пи­низм­­ді насихаттауда Ерванд Ильинс­­кийдің орасан жұмыс атқар­ғанын атап өтті.

– Асқар шыңдарға құш­тар­лық, тауға шығу – әуестік қана емес, қоршаған ортаны қастер­леп, ластамауға үндейтін айрық­ша экологиялық өмір салты. Жаңа Конституцияда көрініс тап­қан табиғатты аялау, эколо­гия­лық мәдениет және тазалық қа­ғидаттары ұлттық болмы­сы­мыз­бен біте қайнасып кетуге тиіс. Тау табандылыққа, тәртіп пен жанашырлыққа үйретеді. Биік­ке көтерілген адам рухта­на­ды. Дәл осы себепті альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мек­те­бі деп атауға болады. Ол мық­ты­ларды шыңдайды, өз ортаңда жауапты болуға баулиды. Бұл мә­дени әрі психологиялық фе­но­менді барынша қолдап, оны жас­тар тәрбиесінде пай­да­лануы­мыз керек. Үкіметтің, салалық ми­нистрліктің алдында аль­пи­низм­ді спорт және заманауи тау туриз­мінің бір түрі ретінде жан-жақ­ты дәріптеу міндеті тұр. Мем­лекет пен демеушілердің қар­­­­жысын тарта отырып, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет. Мемлекет бұл өзекті мін­детті шешуді қолға алады, оған тиісті назар аударылады, – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің ғұмыр жо­лын жасампаз патриотизмнің, ай­рықша жанқиярлық пен аса жо­ғары кәсібиліктің жарқын үл­гісі деп санайды.

– Жастар табанды әрі өнімді ең­бек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек – бәрін жеңбек. Мейлі, спорт­та, бизнесте, білімде, ғы­лым­да, далалық жұмыста не зауыт­­та болсын, өз ісіне шын бе­­­­ріл­ген, көздеген мақсаты ай­қын адам­дар өмірлік мұратына же­те­ді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар – қоғамның тірегі, ерлік пен ең­бек­қорлықтың, төзімділіктің жар­қын үлгісі. Сондықтан мен сіз­ге альпинизмдегі аса үздік же­тіс­тіктеріңіз, сондай-ақ ел спор­ты­ның дамуына қосқан елеулі үле­сіңіз және белсенді қоғамдық қызм­етіңіз үшін жоғары ерек­ше­лік белгісі – «Қазақстанның Ең­бек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Осы награ­даны өзіңізге зор құрметпен тап­сырамын. Ерванд Тихонович, сіз­ге мықты денсаулық, бақ-бе­ре­ке, мол табыс тілеймін! Аль­пи­нистер арасында «Өзіңізді сақ­таңыз!» деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызда жүріп, се­рік болған шәкірттеріңізге осы ті­лекті арнағым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ерванд Ильинский атқарған қыз­метіне жоғары баға беріп, отан­дық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Мұны Қазақстан альпи­нис­тер қауымы жеткен жетіс­тік­тердің мемлекет деңгейінде та­нылуы деп түсінемін. Шын мә­­нін­де, біздің табысымызды шет­елдік альпинистер де мойын­дайды. Осыған куә болғаныма қуа­ныштымын, – деді ұлттық құраманың тәлімгері.