in

Әбиба Әбужақынова БАӘ-дегі Grand Slam турнирінде қола медаль алды

Дзюдодан Қазақстан командасының өкілі Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде 3-орын алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. 

3-орынға таласқан Әбиба германиялық Сара Ишті мерзімінен бұрын жеңді.